Фото: ашық дереккөз
Ұлттық банктің мәліметінше, елдегі алтынның бір грамы 85 504.38 теңгеге жеткен, деп хабарлайды Ult.kz.
Comex биржасында ақпан айына арналған алтын фьючерсінің бағасы 4,36 пайызға өсіп, бір трой унциясы 5534,7 АҚШ долларына жетті. Бүгінгі сауда барысында қымбат металл бағасы 5600 доллардан асып түсті.
Алтын бағасы қатарынан екінші күн рекорд жаңартып отыр. 2025 жылдың желтоқсан айынан бері бағалы металдардың биржалық құны АҚШ саясатына байланысты геосаяси шиеленістің күшеюі аясында тұрақты түрде өсіп келеді. Сарапшылардың болжамынша, биыл алтын бағасы 6000 доллар деңгейіне жақындауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
