Фото: ашық дереккөз
«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына және жолдың көрінбеуіне байланысты бірқатар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді аталған бағыттар бойынша жолға шықпауға және жабық учаскелерді жергілікті жолдар арқылы айналып өтуге тырыспауға шақырады.
Ведомство ел аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, дауылды ескертулерді тұрақты бақылау, жолдардың жабылуы туралы ресми хабарламаларды ескеру, сондай-ақ алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден бас тарту ұсынылады.
Қазіргі таңда жағдай бақылауда, жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол ахуалы туралы ақпаратты нақтылап алу сұралады.
