30 қаз, 2025 сағат 13:11

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: Ақорда

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылған, деп хабарлайды әкімінің кеңесшісіне сілтеме жасап Ult.kz.

Ильзат Акчуриннің  Telegram арнасында жазуынша, Абзал Нүкенов қызметке Президент әкімшілігінің келісімі бойынша қала басшысы Дархан Сатыбалдының өкімімен тағайындалды.Ол енді ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім беру, жастар саясаты және дін мәселелерін қадағалайтын болады.

Абзал Нүкенов 1978 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Қауіпсіздік кеңесінің Жағдайлық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарған.

Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.