16 ақп, 2023 сағат 13:20

АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетін күн аталды

Сурет: pixabay

Алматы облысында болашақ атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Samruk-Kazyna official Telegram-арнасына сілтеме жасап.

28 ақпанда сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді.

"Онда жергілікті тұрғындар жоба туралы пікірін білдіріп, арнайы келген сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз. Кездесуді қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады.

Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек", - делінген хабарламада.