Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтары мен өкімдерімен бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент Жарлығымен:
-
Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды;
-
Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды;
-
Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылып, Женева қаласындағы (Швейцария) БҰҰ бөлімшесі мен өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды;
-
Ерлан Әлімбаев Женевадағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;
-
Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды;
-
Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Президент өкімдерімен:
-
Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды;
-
Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды;
-
Әлихан Жамсатов Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;
-
Күнсұлу Закария Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды;
-
Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.
