13 қаң, 2026 сағат 12:42

АҚШ-та Гренландияны 51-ші штатқа айналдыру туралы заң жобасы ұсынылды

Фото: скриншот

Флорида штатынан сайланған Республикалық партия өкілі, Өкілдер палатасының мүшесі Файн Гренландияны аннексиялап, оны АҚШ-тың 51-ші штатына айналдыруды көздейтін заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол Гренландияны ұлттық қауіпсіздік үшін аса маңызды нысан деп атап, әсіресе Арктикадағы теңіз жолдарының стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Файнның айтуынша, Гренландияны бақылау — АҚШ қауіпсіздік архитектурасының ең маңызды элементтерін бақылау деген сөз. Сондай-ақ ол "Америка бұл аумақтың АҚШ мүдделеріне қауіп төндіретін елдердің бақылауында болуына жол бере алмайды" деп мәлімдеді.

Заң жобасы президент Трампқа Гренландияны сатып алу мәселесі бойынша Даниямен келіссөз жүргізу өкілетін береді. Сонымен қатар, оны АҚШ штаты ретінде қабылдау үшін заңнамаға қандай өзгерістер қажет екенін айқындайтын арнайы есепті Конгреске ұсынуды көздейді.