
Желіде АҚШ-тың Флорида штаты Дейтон-Бич халықаралық әуежайында ұшақтың апаттық жағдайда қонып жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Видеодан ұшақтың артқы бөлігінің жанып жатқанын көруге болады. Салдарынан лайнер шассисіз қонды.
CBS мәліметінше, бортта екі адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.
