30 жел, 2019 сағат 06:50

АҚШ-та тұрғын үй аумағына ұшақ құлады

Жексенбі күні Мэриленд қаласының маңында шағын ұшақ құлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The NY times басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ тұрғын үйдің ауласында көлік қоятын қалқаға құлаған. Апат салдарынан ұшқыш көз жұмды.

«Ұшақ пен автокөлік төбесі жанып кеткен, бірақ өрт жылдам өшірілді», деп хабарлады Принц-Джордж округінің өрт сөндіру және апаттық қызмет өкілі Марк Брейди.

Брейди жараланғандар туралы хабарлама болмағанын айтты. Келіп түскен ақпараттар бойынша, ұшақ құлаған уақытта үйде кімнің болғаны түсініксіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.