09 шіл, 2025 сағат 09:33

Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады

Фото: Gov.kz

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында 10 000 көрерменге арналған жаңа заманауи стадион бой көтермек. Бұл туралы 8 шілде күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында мәлім болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Кездесуде «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері жобаның тұжырымдамасын таныстырды. Жоспар бойынша, көпфункционалды спорт кешені қазіргі заман талабына сай салынып, футбол академиясымен бірге жабдықталады.

Жаңа нысанда спортшыларға толық жағдай жасалмақ:

  • оқу-жаттығу алаңдары;

  • киім ауыстыратын бөлмелер;

  • медициналық пункт;

  • жаттығу залдары қарастырылады.

Жобалау жұмыстары 2026 жылы аяқталып, құрылыс кезеңіне өту жоспарланып отыр. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын бақылауда ұстауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.