25 сәу, 2025 сағат 11:16

Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды. 

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • ➤ Ыргыз ауданы, Нұра ауылы
  • ➤ Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

  • ➤ Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы, 
  • ➤ Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
  • ➤ Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
  • ➤ Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
  • ➤ Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
  • ➤ Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • ➤ Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
  • ➤ Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
  • ➤ Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.