18 қар, 2025 сағат 16:39

Ақтөбе облысында бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2025 жылы мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден аса қаражат өндіруге қол жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қайтарылған қаржы мемлекеттік сатып алулар бойынша міндеттемелерді орындамау, келісімшарттарды қамтамасыз ету төлемдері, тұрақсыздық айыбы және салық берешектерін өтеу есебінен түсген.

Прокуратура келтірген дерекке сүйенсек, ең ірі фактілердің бірі – облыстық құрылыс басқармасы мен «MIR-A Construction» ЖШС арасындағы Байғанин ауданы, Матай ауылында оқу-жаттығу базасын салуға қатысты келісімшартқа байланысты. Жоба аясында мердігерге 288 млн теңге аванс аударылғанымен, шарт кейін біржақты тоқтатылып, компания қаражатты бір жылдан аса уақыт бойы қайтармаған.

Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде бұл сома толық өндіріліп, бюджетке түсті.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады және қатаң бақылауда.