05 қыр, 2025 сағат 12:22

Ақтөбеде екі адамды көлік қағып, біреуі қаза болды


diapazon.kz


Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кетті, қария көз жұмды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Жол апаты 3 қыркүйекте шамамен 18:10-да "Әлия" базары маңында, Әлия Молдағұлова даңғылында болған.


Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Lada-21901 автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесі бағытына қарай жүріп бара жатып, 65 жастағы әйел мен оның тоғыз жастағы немересін қағып кеткен. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.


Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, онда зейнеткер алған жарақаттарынан көз жұмды.

Полиция өкілдері бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, көлік коммуналдық тұраққа қойылғанын айтты.