04 қыр, 2023 сағат 11:42

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Сурет: Freepik.com

Синоптиктер 5-7 қыркүйекте ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар болжауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы салқындап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да жауын жауып, 5 қыркүйекте - жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылу шегінде болып, ал күндіз ауа температурасы 10-20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.