22 қыр, 2023 сағат 15:24

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 23-25 ​​қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлерде, Қарағанды облысында жаңбыр жауады, содан кейін жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде таулы аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз Қазақстанның батысында 25-30 градусқа дейін күн жылиды, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және елдің орталығында 18-23 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады, республиканың шығысында температура 7-13 градусқа төмендейді", - делінген хабарламада.