27 қыр, 2023 сағат 12:14

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде, таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

"Елдің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 градусқа дейін, таулы аудандарда 8-13 градус жылы температураға дейін біртіндеп төмендейді", - делінген хабарламада.