08 жел, 2023 сағат 18:37

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 9-11 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және аязды ауа райы күтіледі. Ал атмосфералық фронталь бөлімдердің өтуімен еліміздің шығысында қар жауады, сондай-ақ оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. 9-11 желтоқсанда республиканың оңтүстігіндегі тау бөктерінде, таулы аудандарда қалың қар жауады.

"Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста 20-37 градус, солтүстікте 30-38 градус, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады", - делінген хабарламада.