06 қаң, 2020 сағат 07:13

Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасын атап өтті. Ол Фукуока қаласында қарттар үйінде тұрады, деп хабарлайды «Токио симбун» басылымы.

Танака-сан туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен торт берді.

«Өте дәмді», - деді жапондық кейуана.

Еске салайық, Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Өткен жылы наурызда ғаламшарымыздағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол әліге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.