12 қаң, 2026 сағат 17:24

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды

Фото: ашық дереккөз

Заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы «Қазақстан мәдениет зерттеу институты» ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды. 

Мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр және жалғасуда.