Фото: canva
Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында орналасқан қызметтік тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
Оқиға орнына жеткен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жауды толық сөндірді.
Өрт салдарынан әскери қызметші мен оның кәмелетке толмаған баласы көз жұмды.
Қайғылы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.
"Шекара қызметі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген ресми ақпаратта.
