10 сәу, 2026 сағат 11:21

Алматы облысында топтық зорлау күдігі: кәмелетке толмаған қыз мәлімдеме жасады


Фото: Pixabay


Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ult.kz лматы" телеарнасына сілтеме жасап.


Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірнеше адам күдікке ілінген. Олардың жасы 16 мен 26 аралығында. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға ауылдасы болып табылатын 26 жастағы ер адаммен кездесуден кейін басталған.


Қыздың заңды өкілінің сөзінше, күдіктілердің жақындары істі жария етпеуге тырысқан. Алайда оқиға бойынша арыз құқық қорғау органдарына 16 наурызда түскен.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өкілдері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.


“Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін тергеу-жедел тобы құрылған. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деді ведомствоның ресми өкілі Ернар Сәйділдин.



Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.