Фото: ашық дереккөз
Алматы – Петропавл бағыты бойынша рейстер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл бағыттағы субсидияланған рейстер бағдарламасы сәтті аяқталып, жүктемесі өзін-өзі ақтады. Соның нәтижесінде рейстер енді нарықтық шарттармен орындалатын болады.
Қазіргі билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болса, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтер 15 270 теңгеден басталады. Алайда баға сатып алу уақытына және тариф түріне қарай өзгеруі мүмкін.
Рейстердің жиілігі өзгеріссіз қалады: SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет ұшуды жалғастырады. Ұшу ұзақтығы шамамен екі сағат.
Жолаушыларға тиімді тарифтермен билеттерді алу үшін алдын ала брондау ұсынылады.