26 қыр, 2025 сағат 11:44

Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

Фото: ашық дереккөз

Almaty Superski жаңа тау шаңғысы курорты аймаққа шетелден жаңадан үйреніп жүрген шаңғышылар мен туристерді тартуға бағытталған. Бұл туралы Pas Grau International компаниясының операциялық директоры Томас Тор-Енсен хабарлады.

Оның айтуынша, курорттың артықшылығы – Алматыға жақын орналасқанында. Негізгі басымдық қоршаған ортаға әсерді азайтуға, яғни су мен электр энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдануға берілген. Ал «Медеу» базалық стансасын курортпен байланыстыратын заманауи аспалы жол жобаның маңызды элементі болады.

«Болашақта бұл жоба өңірге орасан зор экономикалық оң әсер бермек, өйткені мұнда 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. Біз бүкіл жобаны тұтасымен қызықты деп санаймыз. Ол көптеген "жасыл" және "көк" трассаларда серуендеуге қолайлы жағдай жасай отырып, экология мен тұрақты дамуды, демалыс пен келушілердің рахат сезімін керемет үйлестіреді», - деп атап өтті Томас Тор-Енсен.


Шетелдік туристерді, атап айтқанда Қытай мен Үндістанның ірі нарықтарынан тарту стратегиясына ерекше назар аударылып отыр. Курорт жаңадан үйреніп жүрген шаңғышыларға бағытталған, сондай-ақ, ол бұл аймақта жоқ өнімді ұсынады. 

«Аталған жобаның ерекше тұсы – курорттың ең биік нүктесі 3400 метр биіктікте орналасқанында. Бұл өте биік және ол жерден тау аңғары мен Алматы қаласына 360 градусқа керемет панорамалық көрініс ашылады. Бұл Үндістаннан, Қытайдан және басқа елдерден келетін туристерді шынымен де қызықтыратын дүние», - деп атап өтті Томас Тор-Енсен.