Фото: Bizmedia.kz
Биыл маусымнан бастап Алматы «Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» ретінде жарияланады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
«Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы «Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз, – деді Президент.
Айта кетейік, 11-12 маусым күндері Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді.