24 мау, 2025 сағат 14:12

Алматыда 29 жастағы әйел биіктен құлап мерт болды


Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, 29 жастағы әйел Молдағұлава көшесіндегі ғимараттың 7-қабатынан секіріп кеткен.  Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

— 29 жастағы әйелдің қаза болу фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы белгіленеді, — деп мәлімдеді департаменттен.

Еске салайық, кеше Алматыда үш жасар бала биіктен құлап кетті.