16 сәу, 2025 сағат 16:55

Алматыда демалыс күндері орталық көшелер жабылады


21 шақырымдық жүгіру бағытының картасы / Фото: Almaty Half Marathon


20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, осыған байланысты қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Ult.kz.


Марафонның басталуы сағат 07:00-ге жоспарланған және ол Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Жүгіру бағыты Әл-Фараби даңғылы бойымен өтіп, Сәтбаев көшесі, 29/3 мекенжайында орналасқан Орталық стадионда аяқталады.


Жабылатын жолдар:



  • Сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін жабылады, оңтүстік жағы ашық болады;
  • Сағат 06:45-тен 09:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафиннен Назарбаев көшесіне дейін жабылады;
  • Сағат 07:10-нан 08:30-ға дейін Сейфуллин даңғылы – Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін толығымен жабылады;
  • Сағат 08:30-дан 11:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Саиннен Байтұрсынұлына дейін жабылады, солтүстік жағы ашық болады;
  • Сағат 07:20-дан 09:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Сейфуллиннен Байтұрсынұлына дейін жабылады;
  • Сағат 08:20-дан 10:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс жағы – Әл-Фарабиден Абайға дейін жабылады, батыс жағы ашық болады.


Жүргізушілерге 20 сәуірде таңертең сапарларын жоспарлау барысында осы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.