14 қыр, 2025 сағат 13:59

Алматыда екі тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды


Фото: gov.kz


Алматыда тұрғындардың шағымынан кейін екі тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. Әкімдіктің хабарлауынша Бостандық ауданында Розыбакиев-Катаев-Радостовец көшелерінің алаңында "CAMH Realty" және "ВЕК-Тұмар" компаниялары құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.



“Егжей-тегжейлі жоспарлауға сәйкес, аталған аумақта мектеп құрылысы қарастырылған. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысының жекелеген жобаларын іске асыру білім беру нысаны үшін жер учаскесінің шекаралары нақтыланғанға дейін кейінге қалдырылды. Тұрғындармен, сондай-ақ "CAMH Realty" компаниялары мен "ВЕК-Тұмар" ЖШС өкілдерімен кездесудің нәтижесі бойынша Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалық құжаттамаға қажетті түзетулер енгізгенге дейін құрылысты тоқтата тұру және шекараларды нақтылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді”, – делінген хабарламада. 



Алдағы уақытта шешімдер қала тұрғындарының мүдделері мен қолданыстағы заңнаманың талабын ескере отырып қабылданатын болады. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында.