Фото: Aviasales.kz
Almaty SuperSki жобасының жетекшісі Томас Тор Йенсен Алматыда жаңа тау шаңғысы курортын салу аясында шаңғы тебуді жаңадан бастаушыларға арналған 35 шақырымнан астам трасса ашылатынын баяндады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Бүгінде біз осындай тау шаңғысы курорттарын салып жатырмыз, олар баршаға қолжетімді болуы керек – және солай болады да. Көтергіштер еңістің төменгі жағынан шыңға көтерілу кезінде – балалар, ересектер және мүгедектігі бар жандар пайдалана алатындай етіп ұйымдастырылған», — деді ол.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру барысында қоршаған ортаға қамқорлыққа ерекше назар аударылады.
«Сондықтан біз көтергіштер мен трассаларды салу кезінде табиғи ортаны бұзбау мақсатында қазу жұмыстарын барынша азайтамыз», — деп атап өтті Томас Тор Йенсен.