03 нау, 2023 сағат 09:34

Алматыдағы әскери институтта курсант өлі табылды

Фото: Tengrinews.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.