23 ақп, 2026 сағат 11:24

Алты жыл бұрын алаяқтық жасаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Фото: ашық дереккөз

Шымкент тұрғындарын тақырға отырғызып, шетелге қашып кеткен алаяқ елге қайтарылды. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Түркияның Анталья қаласынан сериялық алаяқтық жасады деп айыпталған азаматты экстрадициялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2019–2020 жылдар аралығында Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, олардың қомақты ақшасы мен жер учаскелерін иемденген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 95 миллион теңгені құрайды.

Қылмысын жасаған соң, ол жауапкершіліктен жалтару үшін халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ол Түркия аумағында ұсталып, Отанына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.