17 сәу, 2025 сағат 15:50

Алтын бағасы тарихи рекорд орнатты

Фото: ашық дереккөз

Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Comex биржасындағы маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни 61,22 долларға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алтын бағасының рекордтық деңгейге жеткенін білдіреді.

Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Геосаяси шиеленістер аясында алтын дәстүрлі "қауіпсіз актив" ретінде сұранысқа ие болып отыр.