27 ақп, 2023 сағат 17:54

Әнші Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Фото:instagram.com/d.juzz

СІМ қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға 28 ақпанда жеткізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Біз марқұм жерлесіміздің туыстарымен, сондай-ақ оның продюсерімен байланыстамыз. Мәйіт ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Тасымалдаудың барлық шығынын Air Astana әуекомпаниясы өз мойнына алды. Жерлеу қызметін сол жерде бірге болған достары төлеген.

Көмек жинау, продюсердің айтуынша, бірінші күні жарияланған, бірақ кейін олар өзгерістер енгізген, жиналған барлық қаражатты қайтыс болған жігіттің туыстарына аударады. Мәйітті жеткізу, мәйітті тасымалдау үшін ақы алынбайды", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Darkhan Juzz лақапатымен белгілі әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.