04 қаз, 2023 сағат 16:53

Антикор "СК-Фармация" ЖШС қызметін тексереді

Фото: Алматы әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселелері зерделенетін болады.

Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырды.

"Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады: abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz", - делінген хабарламада.