26 шіл, 2025 сағат 12:56

Аптап, дауыл мен нөсер: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды


Фото:depositphotos.com


"Қазгидромет" синоптиктері 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің кейбір өңірлерінде найзағай, шаңды дауыл мен бұршақ күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады.


Астана – бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20, кей жерлерде 23 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 15–17 градус, күндіз 26–28 градус жылы.


Алматы – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Түнде 21–23 градус, күндіз өте қатты ыстық – 36–38 градус.


Шымкент – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с. Түнде 21–23 градус, күндіз 38–40 градус аптап.


Ақтау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Түнде 22–24 градус, күндіз 30–32 градус.


Ақтөбе – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел – солтүстік-батыстан, 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде 18–20 градус, күндіз 23–25 градус.


Атырау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде 21–23 градус, күндіз 31–33 градус.


Жезқазған – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел – оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде 20–22 градус, күндіз 29–31 градус.


Қарағанды – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел – оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21 градус, күндіз 29–31 градус.


Көкшетау – бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел – оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Түнде 16–18 градус, күндіз 23–25 градус.


Қонаев – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Түнде 22–24 градус, күндіз өте қатты ыстық – 40–42 градус.


Қостанай – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел – солтүстік-батыстан, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 14–16 градус, күндіз 19–21 градус.


Қызылорда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел – батыстан, түнде 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с. Түнде 21–23 градус, күндіз 36–38 градус.


Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Жел – оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 18–20 градус, күндіз 33–35 градус.


Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде 14–16 градус, күндіз 21–23 градус.


Семей – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде 16–18 градус, күндіз 36–38 градус аптап.


Талдықорған – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – батыстан, 5–10 м/с. Түнде 13–15 градус, күндіз өте қатты ыстық – 40–42 градус.


Тараз – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Түнде 20–22 градус, күндіз 37–39 градус.


Түркістан – бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел – оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде 21–23 градус, күндіз 38–40 градус.


Орал – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін. Түнде 16–18 градус, күндіз 25–27 градус.


Өскемен – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде 15–17 градус, күндіз 35–37 градус аптап.