13 қаң, 2025 сағат 18:02

Арал теңізінің су көлемі ұлғайды


Фото: freepik.com

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңі нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Ult.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі теңіздегі су көлемі 27 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді. Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті.

Министрлік «Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын әзірлеп жатыр. Жоба 3 негізгі бағытты қамтиды. Оның ішінде Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру да қарастырылған.

Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы Аралға 2,6 млрд текше метрге жуық су жіберді.