06 қаң, 2026 сағат 17:53

Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.