21 сәу, 2025 сағат 16:15

Астанада 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланып отыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл Астанада 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланған. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылмақ.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Елордада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.