03 сәу, 2024 сағат 14:43

Астанада экс-депутат Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: kaztag.kz


Астанада елорда мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов құрылтайшысы болып табылатын «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС акционерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайдыт «Ұлт ақпарат». 


«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі үлескерлердің арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша барлық кінәлі тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ІІМ. 


ҚазТАГ агенттігінің редакциясына елорда тұрғыны Әділбек Ахметов хабарласып, өзінің «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-нің инвесторы екенін, ол да атышулы G-Park құрылыс компаниясын бақылайтынын айтты.


Ахметовтың айтуынша, ол сот арқылы оған үлестік қатысуға салынған қаражатты қайтару туралы шешім алған, бірақ «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС сот шешімін орындамай отыр. Сонымен қатар, «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ және бұл құрылыс салушы тарапынан алаяқтық фактісі екенін айтты. 


Ахметовтың айтуынша, әңгіме зардап шеккен 600-ге жуық акционер және пайдасына сот қаражаттарын қайтару туралы шешім қабылдаған ондаған акционерлер туралы болып отыр.


Жәбірленушілер жосықсыз құрылыс салушының үстінен қылмыстық іс қозғамақшы, бірақ олар құқық қорғау органдарының әрекетсіздігін және қылмыстық іс қозғаудан бас тартқанын алға тартады. Сонымен бірге олар, полиция DALAINSIDE журналистеріне қарсы тез арада қылмыстық іс қозғап, бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырған соң ғана бұл іс тоқтатылғанына назар аударады.


Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпанда Dalanews және DALA INSIDE редакцияларының журналистері осы іс бойынша Қазақстан Журналистер Одағынан қолдау сұрап, Сәтмағамбетов пен оның құрылыс компаниясы G-Park тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын хабарлады. Бұл Астана қаласы бойынша Қазақстан Журналистер Одағы филиалының бақылауында.

 

20 ақпанда Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Қазақстан Журналистер одағының елордалық филиалының басшысына хабарласып, тиісті ведомствоның араласуынан кейін істің жабылғанын хабарлады. Істі полицияның өзі растады.


Ал 2023 жылдың 22 желтоқсанында Астана әкімдігі G-Park компаниясына жаңа үйлер салуға тыйым салғаны белгілі болды.