13 мам, 2026 сағат 16:56

Астанада қонақүйде ақша ұрлаған әйел ұсталды


 Polisia.kz 


Астанада қонақүй аумағында жасалған ұрлық дерегі бойынша күдікті әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.


Қалалық полиция департаментінің Нұра аудандық басқармасына қарасты криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірді.


Тергеу мәліметінше, әйел қонақүйдің кіреберісіндегі ресепшін аймағында еркін қолжетімділікті пайдаланып, ақшаны жасырын түрде иемденген. Келтірілген шығын көлемі 156 мың теңгені құрады.


Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бейнебақылау жазбаларын зерделеп, куәгерлерден жауап алу арқылы күдіктіні анықтаған.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Әсіресе қонақүйлерде бөлмеден шыққанда есікті құлыптап, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ қонақүй әкімшіліктеріне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйесін жетілдіру ұсынылды.