28 сәу, 2026 сағат 16:36

Астанада оқушы қыздар төбелесті: қылмыстық іс қозғалды, арнайы мектепке жіберілуі мүмкін

Фото: Depositphotos.com

Астанадағы №36 мектепте оқушы қыздар арасындағы төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Полиция дерегінше, іс 109-1-бап («Ұрып-соғу») бойынша тіркеліп, барлық қатысушылар анықталған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жасөспірімдер «қорғалуға құқығы бар куәгер» ретінде қаралуда. Сонымен қатар олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құзырлы органдар оқушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр.