Фото: Premierminister.kz
ҚР Премьер министрі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Тақ мұрагерінің ресми сапары аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады, деп хабарлайды Ult.kz.
БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.