22 қаң, 2024 сағат 13:21

Атырау мұнай өңдеу зауытының серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды

© Photo: Brandi Day

Атырау мұнай өңдеу зауытының серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Joint Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" серіктестігі үлесінің 50%-ын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін парк сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған.