30 сәу, 2026 сағат 18:05

Атырауда ағайынды жігіттер ер адамға оқ атқан


Фото: ашық дереккөз


Атырауда жанжал кезінде екі жігіт ер адамға травматикалық қарудан оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.


 "Ақ Жайық" басылымының жазуынша, оқиға жәбірленушінің үй ауласында болған.


Кейін полиция күдіктілерді ұстады. Олар Индербор кентінің 2003 және 2004 жылы туған ағайынды тұрғындары болып шықты.


Жараланған ер адам ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүріп жатыр.