30 сәу, 2026 сағат 14:00

Астанадағы біо отбасының өлімі: күдікті психоз жағдайында болған


Фото: ІІМ


Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған бір отбасының қазасына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Оның айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қаралып жатыр және тергеудің соңғы кезеңіне жеткен.


Қазіргі таңда күдікті стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтуде. Ресми мәліметке сәйкес, ол қылмыс жасаған сәтте реактивті психоз жағдайында болған.


Еске салайық, наурыз айының басында мессенджерлерде Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылында бір отбасының аяусыз өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді. Құқық қорғау органдары күдіктіні жедел түрде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.


Бұған дейін Санжар Әділов күдіктінің өзге іс бойынша да есі дұрыс емес деп танылғанын мәлімдеген болатын.