27 ақп, 2026 сағат 15:25

Атыраудағы қылмыс: күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды


Фото: видеодан алынған кадр


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмысқа күдік келтірілген азаматты ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.


Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (екі адамды қасақана өлтіру) бойынша жауапқа тартылып отыр.

Күдіктімен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кеткені туралы халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.


Әлеуметтік желілерде күдіктінің шетелде ұсталған сәті түсірілген видео тарады.



Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы қарашада Атырау облысы аумағында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмыстан кейін ізін жасыру үшін мәйіттерді шаруашылық нысанының аумағына жасырғаны, сондай-ақ қан іздерін жоюға әрекет еткені айтылады. Бұдан бөлек, жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.