Фото: ашық дереккөз
2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына барлық көлік түрі үшін "Үшарал – Достық" автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы учаскесі) қозғалыс шектелді."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
