15 жел, 2023 сағат 14:29

Аяздың орнын қар мен бұрқасын басады

Фото: kartin.papik.pro/sneg/

Синоптиктер 16-18 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, осы апта бойы Қазақстанның барлық аумағында ашық және аязды ауа райын қалыптастырған антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжи бастайды, осыған байланысты аяздың әлсіреуі күтіледі. Сондай-ақ Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысынан жылжи бастайды, сол себепті қар түріндегі жауын-шашын болжанады, бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Содан кейін ол басқа аймақтарға көшеді.

"Түнде ауа температурасы батыста 0-10 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, бірақ шығыста  22-35 градус аяз әлі де сақталады", - делінген хабарламада.