06 мам, 2020 сағат 08:15

БАӘ-да 48 қабатты тұрғын үй өртеніп, бірнеше адам жарақат алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында 48 қабатты Аббко мұнарасы өртеніп, салдарынан кем дегенде жеті адам жарақат алды. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлайды.

Шарджа қаласының БАҚ үкіметтік басқармасының мәлімдемесі бойынша, тұрғын мұнарада өрт сейсенбі күні кешке басталған. Соның салдарынан жеті адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Ал, Gulf News газетінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметкерлері өрттің жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында басталғанын хабарлады. 

Khaleej Times қоршалған тұрғын мұнараның қасындағы кем дегенде бес ғимарат тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгені, ал бұл аудандағы бірнеше көлік үстіне құлаған қоқыстан бүлінген.