06 мам, 2026 сағат 18:49

Инвесторларды қорғау күшейтілуде: Бостандық ауданының прокуратурасы бизнеске тәулік бойы қолдау көрсету желісін іске қосты


Коллаж: Ult.kz

Алматы қаласының Бостандық ауданында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аудан прокуратурасы инвесторлармен жұмыс кездесуін ұйымдастырып, оның барысында жүзеге асырылып жатқан жобалар, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бизнесті сүйемелдеу және туындайтын мәселелерді жедел шешу мәселелері талқыланды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Фото: видеодан скриншот

Аудан прокуратурасының мәліметінше, бизнестің дамуы мен инвестиция тарту экономикалық белсенділікке, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға тікелей әсер етеді.

Бостандық ауданының инвесторлары мен кәсіпкерлері үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау желісі іске қосылды. +7 707 934 45 90 нөмірі арқылы туындаған мәселелер бойынша жедел кеңес алып, сүйемелдеу қызметіне жүгіне алады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.