21 қыр, 2023 сағат 13:44

Ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі

© Photo: Brandi Day

Батыс Қазақстан облысының ірі компаниясы "Жайықмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде "Жайықмұнай" ЖШС мемлекеттік бюджетке 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төледі.

Бұдан бөлек 2016-2021жылдар аралығында қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы сомаларын төмендеткені үшін компанияға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 278-бабының 1-бөлігі бойынша 2 млрд теңге сомасына айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді

Нәтижесінде мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықтырылды" - делінген хабарламада.