27 қар, 2025 сағат 17:05

Beeline мен Tele2 тарифтерді қымбаттатынын хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы ірі байланыс операторлары Beeline мен Tele2 2025 жылдың соңына қарай тариф бағасын көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кезең 2025 жылы 25 желтоқсанда, ал екіншісі 2026 жылғы 15 қаңтарда күшіне енеді. Қымбаттау қолданыстағы және архивтік тарифтерге де әсер етеді.

Компаниялар мұны инфрақұрылымды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу және 4G мен 5G желілерін ұстау шығындарының өсуімен түсіндіріп отыр. Бұған дейін Altel де осындай шешім қабылдап, кейбір танымал тарифтерінің бағасын екі есе дерлік өсірген болатын.

Beeline бірнеше тарифтік жоспар бойынша баға мен шарттарды қайта қарамақ. Кейбір тарифтерге қосымша ресурстар енгізіліп, атауы жаңартылады. Мәселен, «Үйдегі интернет» тарифі үшін айлық төлем 1 қаңтардан бастап 8 490 теңгеден 11 249 теңге дейін өседі.

Tele2 нақты тізімді жарияламады, бірақ абоненттерге жіберілген хабарламаларға сәйкес, орташа өсім шамамен 1000 теңге болмақ, яғни, 5 490 теңгеден 6 490 теңгеге дейін. Компания бағаның өсуі қызмет сапасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретінін айтады. Сондай-ақ тұтынушыларға қосымша ресурстар мен QINO қызметі ұсынылады: Megogo, PlanB, Tvigle және 80 телеарнаға 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін тегін қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.